Қазақстанда коронавирустан екі адам қайтыс болды

0

Осылайша, республикада коронавирустан қайтыс болғандар саны 37 адамға дейін артты, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанда сейсенбіде коронавирус инфекциясынан екі адам қайтыс болғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтанда 1951 жылы туған ер адам, Қостанай облысында 1965 жылы туған әйел қайтыс болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 

Қазақстанда коронавирустан барлығы 37 адам көз жұмды.

Соңғы мәліметке сәйкес, республикада 8 969 адам коронавирус жұқтырды, 4 613 адам жазылып шықты.   



sputniknews.kz