Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелдi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Алматы қаласында — 16 адам, Атырау облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 7 адам, Жамбыл облысында — 1 адам, Шымкент қаласында — 1 адам, Түркістан облысында — 4 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қарағанды облысында — 4 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 09.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 202 адам, Алматы қаласында – 109 адам, Қарағанды облысында — 26 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 22 адам, Жамбыл облысында — 9 адам, Шымкент қаласында — 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 4 адам, Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 3 адам, Қызылорда облысында — 26 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 23 адам, Қостанай облысында — 1 адам, жалпы 500 науқас тіркелді.

Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды.

stan.kz