Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 100-ден асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында — 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. 

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді», — делінген ресми хабарламада.

stan.kz