Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мыңға жуықтады

0

Өткен тәулікте ппроцентке шаққанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді  

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9932 адамға жетті, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19: Біртанов науқастардың күрт көбею себебін түсіндірді

Өткен тәулікте 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,7% құрады.

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы – 84 (3,5%),
  • Батыс Қазақстан облысы – 51 (10,3%),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 48 (2,6%),
  • Маңғыстау облысы – 40 (22,6%),
  • Қарағанды облысы – 34 (4,5%),
  • Шымкент қаласы – 32 (4,4%),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23 (31,1%),
  • Атырау облысы – 21 (2,2%),
  • Алматы облысы – 7 (2,2%),
  • Қызылорда облысы – 6 (1,9%),
  • Павлодар облысы – 5 (2,6%),
  • Жамбыл облысы – 3 (0,8%),
  • Ақмола облысы – 2 (1,3%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9932. Індеттен 4900 адам жазылып шығып, 37 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз