Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты

0

30 наурыз сағат 18:50-дегі жағдай бойынша тағы сегіз адам анықталды, науқастардың жалпы саны – 302

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққан тағы сегіз адам тіркелді, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«30 наурыз сағат 18:50-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелді», – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Қарағанды облысында –  6, Алматы облысында – 1 адам.

Осылайша республикада науқастар саны 302 адамға жетті.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан қайтыс болғандар арнайы полигонда жерленеді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 9 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкентте – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам тіркелді.

19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылған. Сонымен қатар, Ақтау, Атырау және Қарағанды облысының бес қаласы (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск), Ақмола облысы карантинге жабылды.

31 наурыздан Қостанай облысы өз шекарасын жабады. Бұл өңірде әзірге індетке шалдыққандар тіркелмеген.

Сондай-ақ Ақтөбе облысына және Қызылорда қаласына кіруге тыйым салынады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз