Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

29 наурыз 11:30-дағы жағдай бойынша республикада коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы жиырма екі адам індетке шалдықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«29 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 16 адам, Алматы қаласында – 4 адам, Атырау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам», -делінген хабарламада.

Республика бойынша індет жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкентте – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам тіркелді.

 

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз