Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 228 адамға жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққан тағы жиырма адам тіркелді.

«28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында — 18 адам, Алматы қаласында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам», — делінген коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Республика бойынша науқастардың жалпы саны – 228.

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 135 адам
  • Алматы қаласында – 51 адам
  • Қарағанды облысында – 7
  • Ақмола облысында — 6 адам
  • Атырау облысы — 5 адам
  • Жамбыл облысында — 3 адам
  • Шымкент қаласында — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
  • Алматы облысында — 4 адам
  • Ақтөбе облысында — 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам
  • Павлодар облысында — 1 адам
  • Маңғыстау облысында — 1 адам
  • Қызылорда облысында — 1 адам.



sputniknews.kz