Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Соңғы мәліметтер бойынша коронавирус тағы 12 адамнан табылды, Алматыда — 6 адам, Нұр-Сұлтанда — 6 адам

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 12 адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«26 наурыз сағат 16:20-дағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында — 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында — 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам тіркелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты



sputniknews.kz