Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылады 

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандарды ашуға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында кинотеатрларды ашуға рұқсат берілді.

15 маусымнан бастап кинотеатрлар ашылады. Тиісті санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Ресми мәліметке сәйкес, 1 маусымнан бастап СПА-орталықтар мен фитнес-орталықтар ашылады. Бұдан бөлек, мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар өз жұмысын бастайды. Ал 15 маусымда кинотеатрлар ашылатын болады. 

Айта кетейік, маусымнан басында блок-бекеттерді алып тастайды. Сол кезде қалааралық автобус пен пойыз қатынасы ашылады. 

Комиссияның бүгінгі отырысында халықаралық рейстерді де ашуға рұқсат берілді. Жоспар бойынша алдымен Қытай, Оңтүстік Корея мен Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесі пысықталады. Ал екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Тайланд пен Чехияға әуе қатынасы ашылады.



sputniknews.kz