Қазақстанда карантин салдарынан бизнестің қай саласы көбірек зардап шекті — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп беру кездесуінде карантинге байланысты бизнестің қандай салалары зардап шеккенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кафе

«Қазақстанда қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті — бұл сауда, көлік, туризм, қоғамдық тамақтану, кинотеатрлар, қонақ үйлер. Азық-түлік пен дәріханалардағы сатуды қоспағанда, сауданың барлық саласы дерлік, шағын және орта бизнестің үлкен бөлігі зардап шекті. Мұны сәуір айындағы статистикадан көруге болады.  Сондықтан осы салаларға қосымша салықтық ынталандырулар, соның ішінде еңбекақыға салынатын салықтар ұсынылды», — деді Дәленов.

Министрдің сөзінше, ШОБ пен өңдеуші ірі бизнес үшін несие беру мүмкіндігі кеңейтілді.

«Кешенді жоспарда түрлі салалардың нүктелік мәселелерін шешу шаралары көрсетілген. Менің ойымша, жақсы шаралар пакеті жүзеге асырылып жатыр. Әрине, мониторинг жүргізіліп жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты қосымша шаралар қабылданатын болады», — деді Руслан Дәленов.

Ол коронавирус пандемиясы кезіндегі экономиканың бәсеңдеуі жергілікті құбылыс емес екенін — барлық елдер қиындықтарды бастан өткеріп жатқандығын баса айтты.

Руслан Дәленовтің сөзінше, осы жылдың қаңтар айында 160 ел экономикалық өсімді болжап, үш айдан кейін 170 ел экономика өсімінің төмендегенін мәлімдеген. Халықаралық сарапшылар қазіргі ғаламдық дағдарыс ештеңеге ұқсамайды деген ортақ пікірді ұстанады.

stan.kz