Қазақстанда ертең арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклонның жырасы әсер етіп, арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады. 23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда алдағы күндері аяз болып, қар жауады

23-24 сәуірде Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.

24 сәуірде Ақтөбе облысы, 24-25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.

23 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде найғазай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында: 23 сәуірде кей уақыттарда найғазай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

23 сәуірде Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар қаласы: күндіз 23 сәуірде жел оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с күтіледі.

Найзағай және қатты желге байланысты дауылды ескерту Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында да жарияланды. Қызылорда облысының тұрғындарына шаңды дауыл болуы мүмкін екендігі ескертілді.

stan.kz