Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты – Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекеттік бюджет тапшылығын шешу үшін сыртқы нарықтан 3 миллиард АҚШ доллары тартылатын болды, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. 

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет. Оның ішінде біз 3 млрд АҚШ долларына жуық капиталды шетелдік нарықтан қарызға алуды жоспарлап отырмыз», – дейді вице-министр .

Сондай-ақ министрдің бірінші орынбасары ішкі нарықтан 2,5 трлн теңге қарызға алынатынын айтты. Оның ішінде 700 миллиард теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қаржыландыруға жұмсалады. Оны «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жергілікті атқарушы органдардың қарыздық міндеттемелерін сатып алу арқылы алу жоспарланыпты.

Қалған ақша Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер бір триллион теңгеге дейін жеткізілетін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыруға бөледі.

Мұнымен қоса ішкі капитал нарығында «Бәйтерек» холдингін орналастыру арқылы тұрғын үй құрылысын кеңейтуге 390 миллиаррд теңге бөлу көзделініпті.


Коронавирусқа бөлінген миллиардтаған теңгелер қайда кетті? Қаржы министрлігінің түсіндірмесі

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз