Қазақстанда дипломдарды тексеруге арналған сервис іске қосылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда дипломдарды тексеруге арналған сервис іске қосылады. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

диплом«Мен өзімнің соңғы жазбаларым бойынша көптеген қызықты ұсыныстар мен пікірлерді оқыдым. Олардың кейбіреулеріне тоқталғым келеді. Жұмыс беруші олардың шынайылығын онлайн тексеру үшін дипломдарды цифрлау қажеттілігі туралы ұсыныс айтылды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Білім министрлігі қазір дипломдардың мәліметтер базасын толықтырумен және өзектілендірумен айналысады және жыл соңына қарай сервисті іске қосуды жоспарлап отыр, оның көмегімен дипломның шынайылығын тексеруге болады», — деп жазды министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіні пайдаланушылар ауруханалық парақты е-форматқа ауыстыру және декреттік төлемдерді белсенді тағайындау қажеттігі туралы жазды.

«Біз бұл мәселені ведомствоаралық комиссия отырыстарында көтердік.  Жүкті әйелдерге ХҚКО-ға хабарласудың қажеті болмайтындай босануға дейінгі және жүктілігі бойынша демалыс төлемдерін тағайындау проактивті форматқа көшу ұсынылды. Кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі және денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестерімізбен кездесіп, қызметті белсенді форматқа ауыстыруды жеделдетуге келістік. Жақын арада нәтижелер туралы хабарлаймын», — деп атап өтті Жұмағалиев.

Апостилдеу туралы мәселе де көтерілді. Шетелде болған кезде адамға апостиль бар құжат талап етілетін жағдайлар болады, бірақ оны тек Қазақстанда қағаз түрінде алуға болады.

«Әділет министрлігі электрондық апостильмен құжаттарды онлайн-режимде алуға мүмкіндік беретін е-апостиль әзірлеумен айналысып жатқанын білемін. Тамыз айында әділет министрлігінің алғашқы қызметтері пайда болады деп күтеміз, оны е-апостильмен куәландыруға болады. ХҚКО-да банктік қосымшалардың көмегімен өызметтерді төлеуге келетін болсақ, қазір мемлекеттік баж салығын QR-код арқылы төлеуге болады. 3-тоқсанның соңына дейін QR бойынша төлем жасау және басқа да қызмет түрлері үшін, соның ішінде жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін төлем жасау мүмкіндігін іске қосуды тапсырдым», — деді Асқар Жұмағалиев.

stan.kz