Қазақстанда бір түнде коронавирустың 13 жаңа жағдайы тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қаақстанда бір түн ішінде коронавирустың 13 жаңа жағжайы тіркелді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сoronavirus2020.kz сайтыныа сілтеме жасап.

коронавирус

Ең алдымен, 29 наурыз күні сағат 23:30-дағы жағдай бойынша елде коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Алматы қаласында — 3 адам, Атырау облысында — 6 адам, Алматы облысында — 2 адам.

Ал 30 наурыз сағат00:20-да олардың қатары 1 адамға көбейді. Бұл жолы тағы 1 адам Ақтөбе облысында анықталды.

Осылайша, коронавирусты жұқтырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында — 6 адам, Атырау облысы — 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 6 адам, Ақтөбе облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 2 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді.

stan.kz