Қазақстанда базарлар мен сұлулық салондарына жұмыс істеуге рұқсат етілді – Қазақстан жаңалықтары

0

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 2020 жылғы 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

салон

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, өңірлердегі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:

1) аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметін (жазылу бойынша);

2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, азық-түлік базарларының қызметін;

3) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмысын;

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын;

5) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құрылыс дүкендерінің, саяжай инвентарын сататын, оптиканың (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоодүкендердің, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің жұмысын;

6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, шиномонтаж, автосалондардың жұмысын;

7) медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сұлулық салондарының жұмысын (алдын ала жазылу бойынша);

8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер және т. б.) жұмысын;

9) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, спорт объектілерінің қызметін (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);

10) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мәдениет объектілерінің жұмысын (30 адамға дейін жеке және топтық дайындық);

11) халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің: осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілердің жұмысын;

12) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмыс алгоритмін сақтауды;

13) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмін сақтауды;

14) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.

Сонымен қатар, базалар мен азық-түлік орындарының жұмыс істеу тәртібі айтылды:

Азық-түлік базарларының жұмыс алгортимі

Жұмыс уақыты сағат 10: 00-ден 17:00-ге дейін.

Объектіге кіру:

– кіретін жерде жұмыскерлер мен сатушылардың дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті), COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) ;

– кіреберісте, сауда залдарының холлында, әрбір 50-100 м сайын дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату.

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін (карталар, телефондағы қосымша) жағдайларды барынша қамтамасыз ету;

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз