Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнетақысы қайта есептеледі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

1998 жылдан кейін қызметке шақырылған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған әскери қызметшілерге зейнетақы қайта есептеледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің зейнетақымен қамтамасыздандыру орталығы әскери қызметшілерді зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру және олардың әлеуметтік қорғалуы мәселелерін талқылауға бастамашы болды.  

Отырысқа зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшылығы, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі мен Қазақстан мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері қатысты.

«Біріншіден, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қызметке алғаш рет шақырылған және 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу ұсынылады. Бұл ретте заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген төлемдерді арттыру ескеріледі», — деп жазылған қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Екіншіден, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыстан босатылған әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне зейнетақы жасына жету бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалуы керек

Үшіншіден, тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының қалдықтарын пайдалану мәселесі көтерілді.

 Әзірленген ұсыныстар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді.

Заң жобасын 2020 жылдың қазан айында үкіметтің қарауына енгізу жоспарланып отыр.   



sputniknews.kz