Қазақстанда алдағы күндері коронавирустың асқынған кезеңі басталады деп болжанды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда індеттің шырқау шыңы жақындап келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус тест

Оның айтуынша, соңғы төрт күнде елімізде коронавирустың жаңа жағдайларының өсуі бәсеңдеген. Бұл қатаң карантиндік шараларды енгізудің тиімділігін растайтыны атап өтілді.

Осылайша, 4 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда вирустың өсу қарқыны 8,4 пайыздан 0,9 пайызға, Алматыда 15 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендеді. Осы аптаның басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында — 6, Алматы қаласында — 6 жағдай тіркелді.

«Бірақ елдегі індеттің ең жоғарғы кезеңі әлі өткен жоқ. Нұр-Сұлтан мен Алматыда айтарлықтай баяулау байқалды, бірақ басқа аймақтарда эпидемияның дамып жатқан жағдайлары бар. Біз еліміздің бүкіл аумағында алдағы 1-2 аптада індет асқынады деп болжам отырмыз», — деді ол.

stan.kz