Қазақстанда 9 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 9-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

9 маусымға жоспарланған шаралар

13.00 – Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуі. Министрге сауалдар мен ұсыныстарды ведомстволық Policia.kz медиа порталы арқылы «Сұрақ/жауап» арнайы бөлімінде, Call-орталықтың +7 (7172) 722092, 72 22 59, 71 52 31 нөмірлері немесе qriim_mvdrk@ policia.kz электронды поштасына жолдауға болады. Кездесу трансляциясы министрліктің Facebook, Instagram, ВКонтакте ресми парақшаларында және Youtube каналында жүргізіледі.

20.00 –»Жастар music» концерті (Тікелей трансляция «Жастар» театрының Instagram-дағы ресми парақшасында).

10 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 —  балалар мен ересектерге арналған «Барокко өнері» бейнедәрісі. Жүргізуші Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Шолпан Нұғыманова (Трансляция музейдің Facebook желісіндегі ресми парақшасында).

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінен «Изо-изоляция» айдары. Музей қызметкерлерінің көпке белгілі картиналарға жасаған пародиялары ұсынылады (трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

12 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 – танымал коллекционер Норман Толманның Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне сыйлаған туындыларының көрмесі ашылады. Көрме үш тілде өтеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «ҚазАқпарат» ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz