Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды

0

Бас мемлекеттік санитар дәрігер індетке шалдыққан журналистердің үшеуі ауруханадан шыққанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының жеті өкілі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі ауырды. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал төртеуі тиісті ем алып жатыр», – деді Есмағамбетова тікелей эфирде.

Ол науқастардың барлығында ауру жеңіл түрде өтіп жатқанын нақтылады.

Оқи отырыңыз: «Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді

21 мамырда «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус табылғаны хабарланған еді. Осыдан кейін телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды.

22 мамыр мен 7 маусым аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында кіріп-шығуға шектеу енгізілді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз