Қазақстанда 7 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

7 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 —  «QazForum-2020» қазақ тілді онлайн-контентті жасаушылардың IV форумы. Осы шараға жыл сайын қазақ тілді медиа саласындағы танымал сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер жиналады. Форумның спикерлері: саясаттанушы Айдос Сарым, Tarlan.kz сайтының бас редакторы Нұрғали Нұртай, Nege.kz сайтының бас редакторы Ерік Рахым, саясаттанушы Самат Нұртаза, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев, Internews Kazakhstan-ның аймақтық медиа-консультанты Асхат Еркімбай,  «Отырар» медиахолдингінің директоры Айгерім Жұмағұлова, Atameken Business бас директоры Қанат Сахариянов және тағы басқалар (Hilton Garden Inn қонақ үйі, Кабанбай Батыр даңғылы, 15. Байланыс телефоны +7707 863 83 21).

11.00 – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы мемлекеттік-жекешелік жобаларға мониторинг жасау жөніндегі кеңестің отырысы. Сол жерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынатын мектептің үлгісінде арнайы жобаның таныстырылымы болады. Сондай-ақ, осы саланы цифрландыру мен тиісті заңнама бойынша атқарылған жұмыстың аралық нәтижесі қаралады. Шараға ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев, «Атамекен» ҰКП өкілдері, парламент депутаттары, кәсіпкерлер қатысады. («Зүбаржат орамы» бизнес орталығы, Қонаев көшесі, 8, Б блогы. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесеpr@atameken.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулері өтеді («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

  • 15:00 — Польша – Украина
  • 19:30 — Қазақстан – Нидерланды

АЛМАТЫ

18.00 — «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады (Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Назарбаев даңғылы, 43. Байланыс телефоны: +7 700 246 35 30).

19.00 – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» концерті ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Оксана Давыденко, Венера Алпысбаева, Салтанат Құдайбергенова және квартет Il Canto қатысады. Дирижер — Абылай Тілепберген («Құрманғазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 727 279 14 26).

ҚОСТАНАЙ

12.00 –»А. С. Пушкин. Портреттер» көрмесінің салтанатты ашылуы. Экспозицияны Мәскедегі А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік музей мен Ресейдің ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы өкілділігі әзірледі. Көрменің хронологиясы 220 жылды қамтиды. Атап айтқанда, Пушкиннің осы уақытқа дейін жеткен бала кезіндегі жалғыз портретінен бастап бертін келе салынған суреттерге дейінгі экспозиция ашылады. (Қостанай, Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы , Алтынсарин көшесі, 111. Байланыс телефоны: +7 701 054 71 77).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

11.00 — Қазақстан халқы ассамблеясының «Халықтық экспедиция» Тұңғыш президенттің жолымен» жобасының басталуы. Шараға ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ЖОО ректорлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысады. Жобаның негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпыұлттық бірлік пен келісімді күшейтудің қазақстандық моделін кеңінен насихаттау. («Үшқоныр» спорт кешені, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы. Журналистер таңғы сағат 8.30-да Алматыдағы Достық үйінің жанында жиналады. Байланыс телефондары +7777 928 19 23, +7 747 688 09 62).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Чарующая Франция» атты Forte Trio концерті өтеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 — «Золушка» балеті сахналанады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы — Надежда Калинина («Астана Балет» театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

АЛМАТЫ

17.30 – Журналист, ақын, музыкант Тахир Узденовты қолдауға арналған авторлық әндердің қайырымдылық концерті. Тахирдің өкпесіне ота жасалды. Концерттен түскен ақша оның ем-домына жұмсалады. (La Bohême театры).

ҚОСТАНАЙ

16.30 – Санкт-Петербург фотографы Сергей Ларенковтың «Блокадалық альбом» атты фотожобасы. Оны даярлауға Ресейдің ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы өкілділігі атсалысты. Экспозицияға 20 фотоколлаж енді. Автор қазіргі Санкт-Петербург пен блокадалық Ленинградтың фотоларын шебер ұйқастыра білген. (Костанай, облыстық орыс драма театры, Баймағамбетов көшесі, 191. Байланыс телефоны +7 701 054 71 77).

9 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулер өткізіледі («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

  • 13:00 — Нидерланды – Украина
  • 17:00 — Қазақстан – Польша

12.00 — «Peter and the Wolf» симфониялық ертегісі қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

17.00 – «Сделано в Астане» атты Neon Winchester тобының үш жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады («Самал» шағын ауданы, 11, «The Friendly`s» клубы).

11 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Орталық Азия суретшілерінің «Ornamentum» атты көрмесі (Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants, Әл-Фараби даңғылы, 140А).

12 ақпанға жоспарланған шаралар

НУР-СУЛТАН

19.00 – –»Солодан квартетке дейін» концерті. Шара кезінде ХХ ғасыр композиторларының шығармалары орындалады. («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

10.00 — Valentine’s Market жәрмеңкесі. Сатылымға экотауарлар, hand made бұйымдары, аспаздық өнімдер, экокосметика, сыйлықтар мен аксессуарлар, ойыншықтар мен кәдесыйлар, керамика мен декупаж өнімдері шығарылады. Көрме екі күнге созылады. (Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226).

ҚАРАҒАНДЫ

19.00 — «Жай кино емес» қысқаметражды фильмдердің байқауы. Шара кезінде Чувашия, Якутия, Татарстан мен Қазақстан кинематографистерінің жұмыстары көрсетіледі. Кіру тегін. (Қарағанды, Sary Arka cinema кинотеатры, Космонавтов көшесі, 1в. Байланыс телефондары +7 701 261 39 64, + 7 702 113 1064).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Бос орындардың қалалық жәрмеңкесі. Шара оқу орындарының түлектеріне және жұмыссыз жүрген жастарға арналған.  (Казақ бизнес және технологиялар университеті, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А. Байланыс телефоны: +7 778 951 22 79).

19.00 — Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші өтеді («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті ұйымдастырылады («Құрманғазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 — LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші болады. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы» және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 — Almaty Illustration Fair 2020  иллюстраторлар фестивалі (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz