Қазақстанда 5 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 5-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

5 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің «Ашық диалог» порталындағы жеке блогы мен [email protected] электронды поштасына жолдауларыңызға болады.Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

17.00 – «Чайковский и Пушкин: гении на все времена» концертінің онлайн трансляциясы. Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италияның белгілі музыканттары Петр Чайковскийдің туындыларын орындайды. Сонымен қатар, концертте ұлы орыс композиторының Александр Пушкиннің өлеңдеріне жазған романстары да шырқалады. Жобаны Қазақ ұлттық өнер университеті, Санкт-Петербор музыка үйі, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Ресей ғылым және мәдениет орталығының өкілдігі ұйымдастырған. Шара Чайковскийдің 180 жылдығы мен Пушкиннің туған күніне орайластырылған (Трансляция Қазақ ұлттық өнер университеті және Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігінің Facebook және YouTube-тегі парақшаларында жүргізіледі).

19.00 –»Жизель» спектаклінің тікелей трансляциясы. Шығарманы «Астана Опера» театры қояды (Трансляция – Tengrinews TV).

6 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 – А.С.Пушкиннің туған күніне және Халықаралық орыс тілі күніне арналған «Мой Пушкин» онлайн конференциясы. Ұйымдастырушылар – Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалы. Шараны өткізуге Ресейдің Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсетеді. Конференция аясында орыс тілінің дамуы және оның ТМД елдері мәдениетімен өзара әрекетіне қатысты өзекті проблемалар талқыланады (Конференция трансляциясы Zoom платформасында өтеді: https://us02web.zoom.us/j/86103445630?pwd=WkhndGxSeUVxNHViMnp1V25OMFM1QT09. Конференция идентификаторы: 861 0344 5630. Пароль: 203288. Байланыс телефондары: +7 701 185 0507, +7 702 122 2232)

8 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында NQZ (IATA) кодын беруге арналған брифинг өтеді. Шараға азаматтық авиация комитеті мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Аккредитация +7 701 165 1917 нөмірі арқылы жасалады.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: [email protected] (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: [email protected]; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «ҚазАқпарат» ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз