Қазақстанда 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төлене бастады – Қазақстан жаңалықтары

7

Нұр-Сұлтанда тұрғындар 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек ала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, төтенше жағдай салдарынан жұмысынан уақытша айырылған адамдар қаржылық көмекке жүгіне алады.

Әкім Алтай Көлгінов жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің орталығында болып, онлайн режимінде өтініштерді қабылдады. Ол келіп түскен өтініштерді тез өңдеп, тұрғындарға қол жетімді тілде кеңес беруді тапсырды.

Нұр-Сұлтанда 120 мыңға жуық адамның қызметтері тоқтатылған, олар қызмет көрсету, сауда және тағы да басқа жерлерде жұмыс істейді.

Қалалық штабқа жұмыс берушілерден мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 3 мың қызметкерге төлем жасау туралы 500-ге жуық өтініш түскен. 300-ге жуық қызметкерге төлемдер төленеді.


42500 теңге жәрдемақыны қалай алуға болады – жаңа ережелер

Елбасының атынан «Нұр Отан» 8 мың аз қамтылған отбасының әрқайсысына 50 мың теңгеден аударады.

Жыл басынан бері шамамен 3,400 отбасына тағайындалды. Карантин кезеңінде, егер отбасы құрамы, тұрғылықты мекен-жайы және табыс деңгейі өзгермеген болса, яғни өтініш беруші барлық талаптарға сәйкес келсе, АЕК өтінішсіз тағайындалады.

Қосымша қолдау шаралары ерекше қажеттіліктері бар балаларды өсіретін аналарға, барлық жастағы бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, АӘК алушыларға беріледі – бір реттік науқан кезінде шамамен 10 мың теңге аударылады. Тұрғындарды қолдау бойынша барлық шаралар толығымен жалғасатын болады.

stan.kz

Загрузка...

7 ПІКІРЛЕР

  1. 42500 теңге жәрдемақыны қалай алуға болады?
    Мен 2017 жылдан 2019 жылдың шілде айына дейін əлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру төлем жасадым.
    Бүгінгі күні жұмыссызбын, себебі: мамандық бойынша жарияланған конкурсқа түйіндемемді жіберген болатынмын, ол мекемеде қаралып, наурыз айында болатын комиссия төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылды.

  2. Күйеуім жеке шаруашылықта айлыққа істейтін. Індетке байланысты айлығы тоқтап қалды. 4 балам бар, біз осы 42500тг ала аламызба?

  3. Саламатсызба мен 42500 тенгены ала алаламба торт балам бар быреуы ушыншы группа инвалит екыншы кызым эпилипсиямен ауырады озым квартир жал турамын асыраушым жок кызылордада турып жатырмын бызге комек болса

  4. Мен жұмыссыз азаматпын түркістан облысы оймауыт ауылы жамбыл ж уй29 ауылы такси жұмысы тоқтауына байланысты

  5. Саламатсызба меним есимим Жанылмас казирги жагдайга байланысты жумыска бара алмай жатырмын жане сиздерге айтарым сонда не ушин шыгарып отыр мынау дау данбазаны беретин болса акшалай емес азык тулик бермейма оданша карантин дегени кайда басканы кайдам мен озим осы уакытка дейин алуметтик комек алган емеспин мен жалгыз басты анамын уш кызым бар квартирада турам жалдамалы осы уакытка дейин укметтен бир жардем алган емеспин озим алакан жайып не комек сурамаппын укметтен егерде болса азык тулик бериниздер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз