Қазақстанда 26 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 26 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 27 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын «Щелкунчик» балеті («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

11.00 – «TT Aspandau» пікірталас клубының отырысы өтеді. Отырыс тақырыбы – «Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысындағы саяси шешімдері: мәселелер немесе болашақ». Жиынға AlmaU президенті, «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов, «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов, саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым қатысады. Шара модераторы – «Aspandau» қамқоршылық кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Бейбіт Әпсенбетов («Алматы» қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 85. Аккредитация: + 7 707 327 10 01, +7 727 327 10 05).

18.30 – «Щелкунчик» балеті қойылады. Сондай-ақ, бал-маскарад өтеді (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

19.30 — New Year with BT Concerts концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

28 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – «Астана» баскетбол клубының ойыншылары жанкүйерлерімен кездеседі (Keruen City сауда-ойын-сауық орталығы).

29 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – фортепианошы, АҚШ, Италия және Францияда өткен халықаралық жарыстардың лауреаты Жанар Сулейманованың кеші өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –»Хор Турецкого» арт-группасының концерті (Республика сарайы).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – «Трансформеры в поисках планеты» жаңа жылдық шоуы өтеді («Астана» концерт залы (бұрынғы «Конгресс-Холл»). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

11.00 – «В поисках Деда Мороза» жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен «Астана Опера» хорының гала-концерті өтеді («Астана Опера» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz