Қазақстанда 22 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Адал көмек» акциясы өтеді. Ұйымдастырушы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Шараның мақсаты — азаматтарға заңгерлік көмек беру. Акция әрбір сенбі сайын 10.00 мен 13.00 аралығында ұйымдастырылып тұрады (Antikor ortalygy, Тоқпанов көшесі, 45. Байланыс телефоны: +7 (7172) 72 66 05, +7 707 168 28 55).

18.00 – «Хит» үрмелі аспаптар оркестрінің концерті болады (Концертный зал «Астана»).

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: «Вивальди & Пьяццола – Времена года» концерті өткізіледі («Қазақстан» орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, [email protected]).

19.00 – Ресей мәдениетінің «Солнечный круг» халықаралық фестивалі өтеді. Шара казактардың қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.  Оған Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның ұжымдары қатысады (22 ақпанда Ресейдің мәдениет пен ғылым орталығында концерт ұйымдастырылады. Ал 23 ақпанда «Астана» концерт залында қорытынды концерт болады. Байланыс телефондары: +7 707 777 0872).

АЛМАТЫ

11.00 – Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға пресс-туры басталады. Ұйымдастырушы – ММУ-дің посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы. Бұл «Еуразия көпірі» жобасы аясында өткелі отырған алғашқы шара. Жобаның мақсаты – еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің негізгі бағыттары мен перспективалары, ЕАЭО құрылымдарының қызметі туралы ақпарат беру.

Пресс-тур бағдарламасы аясында журналистер Еуразия банкіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, тұңғыш президент кітапханасына, тұңғыш президент музейіне барады. ЕҰУ алаңында 25 ақпанда жергілікті сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Тақырыбы: Жаңа онжылдықтағы ЕАЭО: даму перспективалары.

2020 жылдың сәуірінде осыған ұқсас пресс-тур Мәскеуде өтеді және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылады. Ал маусым айында қатысушылар Беларуське барып, елдің ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесі мен оны ЕАЭО аумағында қолдану мүмкіндігін зерттейді. Пресс-тур 28 ақпанға дейін созылады (Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе [email protected]).

11.00 – Генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізіледі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды («Жерұйық» саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

12.00 –»Музыкальное разноголосье» концерті ұйымдастырылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 70 96 19,  + 7 (7172) 70 95 94 ).

17.00 – «Евгений Онегин» операсы қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев даңғылы,  1)

АЛМАТЫ

09.00 – Қысқы жүгіру ұйымдастырылады. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа – 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады).

12.00 – «Шетелдегі жеке мектептер» көрмесі өтеді. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады («Ritz Carlton Almaty» отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

16.00 – «Британское вторжение: английские группы покоряют мир» дәрісі болады (Hard Rock Cafe Almaty, Қарасай батыр көшесі, 85).

18.00 – «Подари детям жизнь» атты Qurmangazy Orkestri концерті өткізіледі (Qurmangazy Orkestri («Қазақконцерт» бұрынғы концерт залы), Абылай хан даңғылы, 83).

25 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға пресс-туры аясында «Жаңа онджылдықтағы ЕАЭО» дөңгелек үстелі өтеді. Шара «Еуразия көпірі» жобасы аясында өтеді (Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мәжіліс залы. Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе [email protected]).

АЛМАТЫ

10.00 – Үнді халқының көрмесі ұйымдастырылады («Атамекен» көрме орталығы).

10.00 – Халықаралық Startup бағдарламасы аясында венчурлық көрме өтеді («DoubleTree by Hilton Almaty» отелі, Досмұхамедов көшесі, 115. Байланыс телефоны: +7 778 221 52 45).

26 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Пианисты правят бал» концерті болады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

27 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Көпғасырлық символизм» көрмесі өткізіледі (Ұлттық музей. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – «Манон» балеті қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00 – Туристік көпсайыс бойынша Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді (Бурабай ауданы, Катаркөл ауылы, «Звездный» балалар орталығы).

АЛМАТЫ

17.00 – «Мартин Лютер Кинг: Король без королевства» фильмі көрсетіледі (American Space Almaty, Байзақов көшесі, 280).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Музыкальные встречи в столице» концерті болады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – «Astana Ballet presents» жобасы ұйымдастырылады. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді – «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы өткізіледі. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

12.00 – «Біз Алматы» жобасының жабылу фестивалі өтеді. Фестиваль күні бойы болады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз