Қазақстанда 2020 жылға арналған 5 технологиялық болжам

0

Forward Leasing компаниясы ағымдағы жылы технологиялар нарығында дамитын негізгі үрдістерді ұсынады.

4G-желілер

Бүгінде Қазақстан цифрлық технологияларды енгізу бойынша жетекші елдердің бірі және өңірде мобильді трафикті тұтыну бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл ретте деректерді мобильді таратуды дамыту әлеуеті әлі де зор және бұл 2020 жылы да сақталатын операторлардың кірістерінің өсуі үшін басты драйвер. 4G-желілер қарқынды дамуды жалғастырады, сондай-ақ операторлар бесінші буын желілерінің мүмкіндіктерін ендігі сынауда.

TWS-құлаққаптар

True Wireless Stereo концепциясы бойынша орындалған толығымен сымсыз құлаққаптар біртіндеп біздің өмірімізге еніп, дыбыс сапасы бойынша да, функционалдылық, автономдық және баға арақатынасы бойынша да үздікке айналауда. Барлық болжамдар бойынша, дәл солар  басқа да атықшылықтарына қоса, керемет әмбебап сыйлық бола отырып, 2020 жылы ең танымал сатылымға айналады.

Смартфон арқылы төлеу

Қазақстанда digital технологияларын дамыту елге мобильді банкинг пен байланыссыз төлемдер транзакцияларының енуінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бөлшек сауда желілерін дамыту да сонымен бірге жоғары технологиялар қатарына ілгері басуда: смартфонның жанасуымен төлеуге мүмкіндік беретін байланыссыз терминалдар, дүкендер мен мейрамханалардың мобильді қосымшалары төлем карталарымен біріктіріледі, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары танымал мейрамханалар мен супермаркеттерде пайда болып жатыр. Және, әрине, оларды смартфондар арқылы пайдалану ыңғайлырақ. 2020 жылы төлем жүйелеріне, мобильдік қосымшалар мен ниеттестік бағдарламаларына байланысқан барлық осы үдерістердің жеделдеуін күтуге болады.

 «Мемлекет» смартфонда»

Қазақстанның үкіметінде смартфон арқылы алынатын сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің топ-5-і аталды: соттылықтың, жылжымайтын мүліктің, салық берешегінің болуы/болмауы туралы автоматтандырылған анықтамалар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды тексеру және зейнетақы аударымдары туралы ақпарат беру бойынша сервистер. Егер бұрын азаматтардың көп бөлігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алса, қазір EgovKzBot2.0 телеграм-боты, ВКонтакте, Facebook әлеуметтік желілері және eGov mobile жаңартылған мобильді қосымшасы арқылы қызмет алушылар саны өсуде. 2019 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, мобильді телефонға орнатылған eGov mobile мобильді қосымшасын пайдалану мемлекеттік қызметтер мен сервистердің 28 түрін алуға мүмкіндік береді, ал мобильдік азаматтар базасында 7,6 млн-нан астам адам тіркелген.

Флагмандық смартфондар

2019 жылы орташа баға санатындағы смартфондардың технологиялық мүмкіндіктері өскеніне қарамастан, флагмандық смартфондардың танымалдығы артып келеді. Бұл мобильдік төлемдер мен электрондық үкімет сияқты жаңа қызметтерді пайдаланушылар премиум девайстардың иегерлері болып табылатындығымен түсіндіріледі.  Осылайша, осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін нарық жаңа ұсыныстарға, мысалы – смартфонды қызмет көрсету ретінде пайдалануға дайын екендігін көрсетті. 2019 жылдың желтоқсан айында Forward Leasing компаниясы Қазақстандағы смартфондардың флагмандық модельдерін жыл сайын жаңартуға қол жеткізу мүмкіндігін берді. Forward сервисінің көмегімен жаңа мобильді құрылғыны ай сайынғы төлемнің минималды сомасы үшін пайдалануға алуға және жыл сайын соңғы үлгіге дейін жаңартуға болады. Forward жазылымының мәні шартты жасасудың цифрлық процесінде (тікелей ұялы телефоннан немесе қосымшадан) және төмен төлемдерде (әрбір құрылғы үшін ай сайынғы төлем құрамына кірмейтін кепілді қалдық құны тіркелген, бұл 30% – 40%-ға кемірек төлеуге мүмкіндік береді).

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз