Қазақстанда 15 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Sputnik Қазақстан 15 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 16 және 17 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

15 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – әуе нарығын дамытуға арналған «RoutesSilkRoad 2019» форумының баспасөз мәслихаты өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация +7 (7172) 76 86 18, +7 702 220 33 88 телефондары бойынша жасалады).

10.00 – Мемлекет басшысының қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді (аккредитация press.kpm@mail.ru поштасы арқылы жасалады).

10.00 — «RoutesSilkRoad» әуе нарықтарын дамыту форумы (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация +7 (7172) 76 86 18, +7 702 220 33 88 телефондары бойынша жасалады).

11.00 — I Run Kazakhstan жобасына арналған баспасөз мәслихаты. I Run Kazakhstan жобасының жартысы аяқталуға жақын. I Run Kazakhstan  — жүгіру жобасы. Алматылық Александр Габченко 14 өңірде ойлы-қырлы жерлерде жүгіруді мақсат еткен. Автордың айтуынша, I Run Kazakhstan жобасы Қазақстанды жаңа қырынан танытады (QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің штаб-пәтері, Абай даңғылы, 22. Аккредитацияны +7 702 891 70 05, +7 (7172) 99 93 36 телефондары бойынша жасауға болады).

12.00 – ATP Challenger және ITF Women’s  «Президент кубогы 2019» теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры —  215 000 АҚШ доллары. Кубокта Қазақстанның намысын Александр Недовесов, Андрей Голубев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская мен Жібек Құламбаева қорғайды. Негізгі матчтар шілденің 15-і күні басталады. Турнирдің ресми ашылу салтанаты 16 шілде күні өтеді. Жеңімпаздар 21 шілде күні марапатталады (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы, 4/2).

16 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 — бокстан «Қазақстан президенті кубогы» VII халықаралық турнирі басталады. 20 шілдеге дейін созылатын сайыста 13 елдің өкілдері бақ сынайды. Турнирге Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан және Тәжікстаннан барлығы 123 ер мен 33 боксшы әйел қатысады деп жоспарланып отыр.

АЛМАТЫ

11.00 – биржа нарығының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылауға арналған KASE-тің баспасөз мәслихаты. Ұлттық банк базалық ставканы жария етеді деп болжанып отыр (Алматы, Байзақов көшесі, 280, «Almaty Towers» көпбейінді кешенінің солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы).

ҚАРАҒАНДЫ

12.00 –  «Tengri Bank» АҚ жаңа қызмет көрсету орталығының ресми ашылуы. Салтанатты шараға Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар, банк басқармасының төрағасы Динеш Кумар, сондай-ақ, әкімдік өкілдері, клиенттер мен серіктестер қатысады (Нұркен Әбдіров даңғылы, 19).

17 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Қыз Жібек» операсы «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Жаңа музыкалық туындының авторы, қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдинов (Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1)

АЛМАТЫ

16.00 — Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы құрған Бухгалтерлер клубының XXXV кездесуі өтеді (Алматы, Абай даңғылы, 14 (Абылай хан көшесімен қиылыс), Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, 1-қабат. Көрме залы. Телефон: 8 (701) 943 -20-21).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz