Қазақстанда 12 мамырдан бастап қанша әуе рейсі іске қосылды?

0

Төрт әуе компаниясы 13 қаладан тұрақты рейстерді іске қосты, барлық жолаушы маска мен қолғап киюі керек

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тағы жеті қаласында әуе рейстері іске қосылды, енді барлығы 13 қаладан ұшуға болады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Air Astana, SCAT, Qazaq Air және Fly Arystan әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай бағытындағы тұрақты рейстерді іске қосады.

Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, ұшу барысында санитарлық жоғары қауіпсіздік шаралары сақталады:

  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (маска, қолғап);
  • ұшақ бортқа қонғанға дейін дене қызуы өлшенеді, әлеуметтік қашықтық сақталады;
  • әуежайлар мен ұшақтарға күшейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Айта кетейік, 11 мамырдан бастап жолаушыларға ұшу алдында коронавирусқа ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ.

12 мамырдан бастап қандай әуе рейстері іске қосылады?

12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Ақтөбе, Алматы – Қызылорда бағыты бойынша бес рейсті жүзеге асырады.

13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан – Ақтөбе, Ақтөбе – Алматы, Нұр-Сұлтан – Қызылорда, Алматы – Өскемен бағытындағы рейстер іске қосылады.

14 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша төрт рейс жолаушы тасымалдайды.

SCAT әуе компаниясы 16 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан –Ақтөбе, Нұр-Сұлтан – Тараз, Алматы – Қарағанды, Алматы – Көкшетау бағытындағы тоғыз тұрақты рейсті іске қосады.

Оқи отырыңыз: Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді 

13 мамырдан бастап Qazaq Air: Нұр-Сұлтан – Қостанай, Нұр-Сұлтан – Павлодар бағытындағы әуе рейстері іске қосылады.

Сондай-ақ, 12 мамырдан бастап FlyArystan екі рейсті жаңартады: Алматы – Павлодар, Алматы – Семей.

13 мамырдан бастап лоукостер ұшақтары арқылы Нұр-Сұлтанмен Алматыдан Қостанайға 1 рейс жасалады, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Семей арасында 2 рейс қарастырылған.

15 мамырдан бастап Алматы – Қарағанды, Алматы – Қостанай бағыты бойынша үш рейс іске қосылады.

Бұдан әрі елдегі жағдай жақсарған жағдайда ішкі рейстер мен маршруттардың санын, сондай-ақ әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында ұшуға рұқсат берілді, 5 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылордаға ұшуға мүмкіндік туды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз