Қазақстан Универсиада ойындарында жеті медаль жеңіп алды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жалғыз алтын жүлдені дзюдодан абсолютті салмақта сынға түскен Ғалымжан Қырықбай иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Италияның Неаполь қаласында жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты жеті медальмен аяқтады. 

Универсиаданың соңғы жарыс күнінде су добынан ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

«Қазақстан атынан Универсиадада 94 спортшы бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда жеті медаль жеңіп алды. Жалғыз алтын жүлдені дзюдодан абсолютті салмақта сынға түскен Ғалымжан Қырықбай иеленді», — деп жазылған Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.  

Бес спортшымыз жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Гимнастар Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай және стенд атушы Зоя Кравченколардың еншісінде күміс жүлде бар. 

Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлдегер атанды. Жалпы есепте Қазақстан 25-ші орында. 



sputniknews.kz