Қазақстан транзиттік жүк көліктерін қадағалап отыратын болды

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Навигациялық пломбаларды көлікке ілу шекарада кептеліске әкеп соқпайды. Ал оны қасақана бүлдіріп немесе жойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк көліктері навигациялық пломбалар арқылы қадағаланып отырады. Парламент сенаты тиісті заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатта мәжіліс мақұлдаған «Автомобиль көлігі туралы» заңға халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Заң жобасына мәжілістің бір топ депутаты бастамашы болған.

Мәжілісмен Павел Казанцевтің айтуынша, құжатқа «халықаралық тасымалдарды қадағалап отырудың ақпараттық жүйесі», «электронды сәйкестендіргіштер (навигациялық пломбалар)» ұғымдары енгізілді.

«Заң жобасында ел аумағына кірген транзиттік жүк көліктерін навигациялық пломба арқылы қадағалап отыру ұсынылады», – деді депутат.

Навигациялық пломбаларды пайдалану тәртібін бюджетке салық және басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын өкілетті орган бекітеді.

Казанцев бұл норма халықаралық автокөлік тасымалдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жетілдіруге септігін тигізетінін атап өтті. Оның сөзінше, заң жобасының қабылдануы бюджетке қосымша түсімді қамтамасыз етеді.

Құжатта навигациялық пломбаларды қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, үкіметке халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау құзыреттілігі беріледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдік жүк тиелген көліктерді қадағалау жүйесі іске қосылады

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.

Бұған дейін мәжілісте қаржы вице-министрі Қанат Баеділов көлікке пломба ілу небәрі бір минут уақыт алатынын айтқан еді. Яғни, навигациялық пломбаларды көлікке ілу шекарада кептеліске әкеп соқпайды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз