Қазақстан Қырғызстанға шағым түсірді

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғызстанның заңсыз әрекетіне қатысты шағым түсірді. Көрші ел қазақстанды тауарларды бақылау бағасының ең төменгі деңгейін енгізген

АЛМАТЫ 29 ақпан — Sputnik. Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға өтініш білдірді. Ведомство Еуразиялық экономикалық одақ аясында қырғызстандық тараптың одаққа мүше елдер тауарының бақылау бағасының ең төменгі деңгейін енгізуіне қатысты мәселені қайта қарауды сұрап отыр.

Еуразиялық экономикалық комиссиядан бөлек, дәл осындай өтініш Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығына да жолданды.

«Қазақстандық және өзге де одаққа мүше елдер тауарына қатысты бақылау бағасының ең төменгі деңгейін енгізу арқылы Қырғызстан билігі қосымша төлемдерді бекітіп отыр», – деді Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің өкілдері.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз