Қазақстан мен Ресей «Ми» тікұшағын құрастыруға уағдаласты

0

Екі елдің министрлері Ресейде құрастырылатын әуе борттары өндірісіне Қазақстанда шығарылатын өнімді интеграциялау мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. 2020 жылдан бастап Қазақстан мен Ресей Ми азаматтық тікұшағын Алматы қаласында құрастыруға келісті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.


©
Photo : Официальный сайт министерства индустрии и инфраструктурного развития Казахстана

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті

Ресейдегі Жуковский қаласында өтіп жатқан 14-ші «МАКС-2019» халықаралық ғарыш-авиация салоны аясында Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

«Кездесу барысында қос тарап 2020 жылдан бастап, №405 Алматы авиажөндеу зауытының базасында Ми азаматтық тікұшағын құрастыруға келісті», – делінген хабарламада.

Кездесу барысында қос мемлекет ұшақ құрастыру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл қазақстандық және ресейлік кәсіпорындарға бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз