Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ЖЭС-ін қайта құру мәселесін талқылап жатыр

0

Модернизация қалалық жылу көзінің жұмысын тиімді етіп қана қоймай, тұрғындар үшін жылу тарифтерін төмендетуге де көмектеседі

ҚЫЗЫЛОРДА, 24 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халықпен кездесу кезінде Байқоңыр тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін не істеліп жатқанын айтып берді.

«Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді», – деді ол.

Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды

2019 жылы соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында мұнда 50 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ысқақовтың айтуынша, биыл Байқоңырда қазақстандық тарап тағы бес үйдің құрылысын бастауды жоспарлап отыр – қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

«2019 жылдың қазан айында 20 427 пәтерден тұратын қаладағы барлық көпқабатты үйлді табиғи газға қосу жұмыстары аяқталды, осыған байланысты тұрғындардың көгілдір отынға жұмсайтын шығыны 16 есе азайды», – деді Ысқақов.

Келесі қадам – ​​өткен ғасырдың елуінші жылдарында салынған қалалық жылу электр станциясын қайта құру, ол ескірген, мазутпен жұмыс істейді, қалаға табиғи газ жеткізілді, бұл отын әлдеқайда арзан. Байқоңырдың ЖЭС-сін газға алмастыру тұрғындардың жоғары жылу тарифтері мәселесін шешуі мүмкін, қазір ол Қазақстандағы орташа деңгейден бірнеше есе жоғары.

«Жылу тарифтерін төмендету аясында Ресей тарапымен Байқоңыр жылу электр станциясын қайта құру мәселесі талқылануда», – деді Ысқақов.

Оның айтуынша, сонымен қатар қаланың су және кәріз жүйелерін қайта құру және жаңарту бойынша жобалар әзірленуде.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз