Қазақстан халқы Балаларды қорғау күнін атап өтіп жатыр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүкіл әлем Балаларды қорғау күнін 70-ші рет атап өтіп жатыр – ол алғаш рет 1950 жылы мерекеленген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді.

Мерекені 1 маусымда атап өту туралы шешім Парижде 1949 жылдың қарашасында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінде қабылданды.

 Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір білдіруге, қорғауға және білім алуға құқығы бар екенін еске салу.  

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларация қабылдады.

Халықаралық құқық деңгейіндегі басты құжат 1989 жылдың 20 қарашасындағы Бала құқықтары туралы конвенция болып саналады. КСРО бұл құжатты 1990 жылдың 13 шілдесінде ратификациялады.

1 маусымда Қазақстанда COVID-19 коронавирусы эпидемиясына байланысты дәстүрлі балалар іс-шаралары өткізілмейді.

Өткен жылдары 1 маусымдағы мерекеге орай қоғамдық көліктерде балалардан жол жүру ақысы алынбады.

Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі барлық жолаушы автобуста тегін жүреді.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз