«Қазақстан аруы» Мадина Батық тұрмысқа шықпақ — Қазақстан жаңалықтары

0

«Мисс Қазақстан 2019» байқауының жеңімпазы Мадина Батық тұрмысқа шықпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен «иә» дедім. «Сен маған тұрмысқа шығасың ба?» деген сөздерді әрбір ару естуді армандайды. Бұрын махаббат жайында көп ойланатынмын. Оны қалай түсінуге болатыны жөнінде ойламағана күнім болмады. Кеше 21-туған күнімде менің Хакимым маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бұл күтпеген жағдай болды. Ойымда «Қатты жақсы көремін, иә» деген сөздер ғана болды» , — деп өз қуанышымен ару өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

Қыздың айтуынша, тұрысқа шығу туралы ұсыныс күтпеген жерден жасалды.

«Елдегі жағдайға байланысты, барлығының бизнеспен қиындықтары болды және бұл бізге де әсер етті. Хаким Астанада, ал мен туған күнімді атап өту үшін Павлодарға келдім. Ол жұмыста болғандықтан, оны келеді деп күтпедім. Өзім де таңертеңгі 9-да Астанаға қайтуды жоспарлаған едім», — деп бөлісті Батық.

Мадина Батықтың сүйіктісі кәсіпкер, ол ерлердің іскери киімдерін тігумен айналысады.

stan.kz