Қазақстан 15 маусымнан кейін бірқатар елдерге рейстер ашуды жоспарлап отыр — Қазақстан жаңалықтары

0

15 маусымнан кейін Қазақстан бірқатар елдерге рейстер ашуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

ұшақ

«Жақында ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, онда 1 маусымнан бастап үш елде: Корея, Қытай және Әзірбайжанға рейстерді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бағалау эпидемиологиялық жағдайға негізделді. Елдердің халықаралық рейтингі бар, елдердің қауіпсіз рейтингі, олар бойынша шешім қабылданды.

Келесі кезең: Германия, БАӘ, Чехия және Таиланд. Мүмкін Польша мен Венгрияға рұқсат аламыз. Бұл 15 маусымнан кейінгі екінші кезең. Мен әрдайым әріптестеріммен байланыстамын, жақында Түркияның көлік министрімен бұл сұрақтарды талқыладық. Олар өздері үшін 20-шы күнді анықтады, Анталияға рейстер ашуға мүдделі. Біз жұмыс істейтін боламыз», — деді министр.

stan.kz