Қазақ қызы «Мәскеу ханшайымы-2018» байқауының жеңімпазы атанды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 10:25 440

Қазақ қызы «Мәскеу ханшайымы-2018» байқауының жеңімпазы атанды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат — Отандасымыз Мәскеу қаласында өткен «Мәскеу ханшайымы-2018» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың ақтық кезеңіне 49 ару қатысқан. Байқаудың бас жүлдесін 24 жастағы Алеся Семеренко иеленді. Ал қазақ қызы Дина Қожасаева бұл доданың «Мәскеудің жас ханшайымы-2018» атағын жеңіп алды.
Қазақ қызы «Мәскеу ханшайымы-2018» байқауының жеңімпазы атанды

Еске сала кетейік, 15 жастағы Дина Қожасаева дарынды және сұлу бойжеткендер арасында өткен «Мәскеу ханшайымы-2018» фестивалінде финалға шықты. Сәби кезінен Мәскеуде тұрып жатқан қыз бала болашақта модель болуды армандайды. Анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, оның отбасы көп жыл бұрын Қазақстаннан Мәскеуге көшіп келген. Қазіргі кезде Дина №1240 Романов мектебінде білім алып, музыка мектебіне де барып жүр.
Қазақ қызы «Мәскеу ханшайымы-2018» байқауының жеңімпазы атанды

Автор:
Сайра Амантаева

Фото: vk.com/c.jewellery

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz