Қазақ-қырғыз шекарасында елшілік қызметкері ұсталғаны рас па?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан елшілігінің қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат щындыққа жанаспайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметкері шекарада ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Кеше БАҚ-та қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналының қызметкері ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Ол алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық әйелді дипломатиялық нөмірі бар автокөлікпен шекарадан шығармақ болыпты-мыс.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Sputnik Қазақстанға бұл оқиғадан хабардар екенін айтты. Алайда елшілік қызметкерін ешкім ұстамағанын нақтылады.

«10 қаңтарда қырғыз тарапында «Ақ жол – Қордай» мемлекеттік шекарасының бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналы қызметкерімен болған жағдайды растаймыз. Қазір қырғыз тарапымен бірлесіп бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз», – деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы толық мағлұмат кейінірек хабарланады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз