Қазақ педагогикасының ардагері Төлтебаев Сәдібек қайтыс болды

0

Қазақ педагогикасы орыны толмас қазға ұшырады.

Ұлтжанды ұлы ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері Төлтебаев Сәдібек Қастайұлы өмірден озды.

Бұл туралы Жанұзақ Әкім жазды.

Сәкең, 1990 жылдары Оңтүстік өңірде республикалық «Азат» қозғалысын басқарған, педагогика және психология ғылымдарының кандидаты, өмірінің соңына дейін Шымкенттегі өзі ашқан дарынды балалар мектебінің директоры болды.

Өз қаржысына республикалық «Ұлт Академиясы» және «Ұлт мектебі» ғылыми-көпшілік жорналдарын шығарып, жыл сайын Шымкентте ұлттық тәрбие, психология, ғылым мен білім беру методикаларын жетілдіру т.б. тақырыптарға ғылыми-конференциялар ұйымдастырып тұрды.

Облыстық және Шымкент қалалық ардагерлер қауымдастықтарын құрып, туған өңірдің өркендеуіне ерекше үлес қосты.

Елге сыйлы, ардақты азамат өмірден озды.