«Қатаң жазаланады» Бас прокуратура қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстан бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингілерге қатысуға үгіт-насихат жүргізіліп жатуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді 

Бас прокуратура бұған дейін осындай заңсыз жариялы акцияларды ұйымдастырғандар мен оған қатысқандар жауапқа тартылатынын ескерткен болатын.

«Алайда осы жылдың 1 мамырында кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ескертуін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді», – деп атап өтті Болат Дембаев.

Осыған байланысты, оның айтуынша, митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейді. Ал құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап береді.

Бас прокуратура қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз