Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады – Цой

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантин шараларын қабылдауға қатысты пікірін бөлісті.

«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс.

Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді .

ҚазАқпарат

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз