Қасым-Жомарт Тоқаев Sputnik Қазақстан тілшісіне алғысын білдірді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

https://sputniknews.kz/images/1237/55/12375585.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20191226/12376282/Toqaev-Sputnik-Qazaqstan.html

Мемлекет басшысы елдегі тың реформаларды насихаттауға елеулі үлес қосқаны үшін Sputnik Қазақстан тілшісін марапаттады

НҰР-СҰЛТАН, 26 дек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі қазақ редакциясының тілшісі Нұргүл Әубәкіроваға алғысын білдірді.

Журналистке алғыс хат Ақордада табысталды.

«Сізге ұлттық журналистканы дамытуға, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттауға елеулі үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіремін», — делінген президенттің алғыс хатында.

Осы орайда Нұргүл Әубәкірова қуанышты жағдайдан алған әсерімен бөлісті.

Тағы оқыңыз: Ұлттық волонтерлік желі Sputnik Қазақстанды марапаттады 

«Шынын айтсам, мұндайды күткен жоқпын. Жұмысыма мұншалықты жоғары баға берілгеніне қуаныштымын. Әрине, Жаңа жылда мұндай сыйлық берілгені қуантады. Шын жүрегіммен барша қазақстандықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын», — деді Sputnik Қазақстан тілшісі.



sputniknews.kz