Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың амандығына аға буын жауапты» – Қазақстан жаңалықтары

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», – деп жазды Twitter-дегі парақшасында мемлекет басшысы.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1949 жылы қарашада белгіленген 1 маусымда аталып өтеді. 

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың пікір бостандығына, білім алуға, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-аналар мемлекет сияқты балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында көрсетілген.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз