Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент Түркістан облысының басшысына бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында өңір басшысы Тоқаевқа өңірдің биылғы жеті ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндады.

Тағы оқыңыз: «Төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр»: Арысқа көшкен Шөкеев кімге шүйлікті?

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Өмірзақ Шөкеевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Арыстағы төтенше жағдай

Биыл 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары дереу көрші аудандар мен Шымкентке көшірілді. Жарылыстар тоқтаған соң 28 маусымда үйлеріне қайта бастады.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза болды.

Тағы оқыңыз: Өмірзақ Шөкеев Арыс халқына қандай уәде берді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланды. Ал бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүйесінен шығарылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз