Қасым-Жомарт Тоқаев Архимед Мұхамбетовті қабылдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Архимед Мұхамбетов президентке астық жинау науқанына дайындық жөнінде баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Өңір басшысы президентке астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.



sputniknews.kz