Қаруын шығарып, бізге кезенді: Санжар Мәдиев АҚШ-та өздерін полицейлердің қалай тоқтатқанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Санжар Мәдиев АҚШ-та полицейлерден қалай қорыққанын баяндап берді. Шетелдік құқық қорғау органдары оларға қару тақап, тінтіп шыққан екен. Актер сол америкалық полицейлердің темірдей тәртіппен жүретінінін айтады. 

«Америкада болған соңғы жайтқа байланысты бір оқиға есіме түсіп отыр. Бұл 2011 жыл болды. Максим Акбаров екеуміз Нью-Йорктегі кино академиясына, Лос-Анжелесте режиссерлік кино академиясына түскен едік. Оқу кестесі белгілі болған соң бізге Arriflex 16mm, жарық пен штатив берді. Ескілеу кабриолет көлігін жалға алып, түсірілімге кеттік. 

Біздің соңымызға полиция түсті. Бізге тоқтауға бұйрық берді. Екі офицер жанымызға келді. Бірі жүк салғыштың қасында тұрды, бірі бізге жақындады. Айтпақшы, сол жылы Нью Гемпшир штаты, Портсмут қаласында қарағандылық Кирилл Денякин атып өлтірілген еді. Полиция қарусыз студентке 11 оқ жаудырған. 

Офицер бізденқұжаттарымыз бен көлік куәлігін сұрады. Көліктің техникалық тексеріс мерзімі бітіп кеткен екен. Біздің куәлігімізде халықаралық стандартқа сай жалғыз ғана шетелдік қол қойылған. Оның өзі француз тілінде. Бізден «французсыңдар ма?» деп сұрады. Қазақстандық екенімізді білгенде «Боратты танисыңдар ма?» деді», — деп жазды Мәдиев желіде. 

Актердің айтуынша, екі полицей бұларға қаруын кезеніп, қатты қорқытқан. Бұл сәт еш ұмытылмастай әсер қалдырған. 

«Құжатты тексерген соң жүксалғышы аш деді. Түймесі істемей тұрғандықтан, мен  өзім барып ашпақ болдым. Бұл қателік екен. Екі офицер де қаруларын кезеп тұра қалды. Өмірім көз алдымда кино лентасы секілді өте шықты. Арқам терлеп кетті. Мен өзімнің боп-боз болып кеткенімді білдім. 

Жүксалғышт камера мен жарық қана болған. Олар біздің студент екенімізді білген соң, бізді босатты. Біздің тыйым салынған белгіге өтіп кеткенімізді айтты. 

Осыдан кейін 40 минут үнсіз отырып қалдық. Бұл жолы біз сәтті құтылып кеттік. Егер қандай да бір қателік болса, сотта жеңіп шығу қиын болар еді. Бәріне тыныштық тілеймін», — деді ол.



stan.kz