Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне сыйлықақы төленеді. Бұл туралы қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінеді», — деді Шолпанқұлов.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай енгізілген алғашқы күндерден бастап әскери қызметшілер күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды.

Сондай-ақ, оның айтуынша, байланыс қызметтерін көрсетуге және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне 4 миллиард теңге бөлінеді.

Ал 5,6 миллиард теңге — сот-медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бөлінеді.

Жалпы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 125 миллиард теңге қарастырылған.

Оның ішінде 40,6 миллиард теңге — карантиндік шараларға қатысатын медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді.

stan.kz