Қарақат Әбілдина: Анам «біреуге денесін уқалатты деген не масқара» деп мені ұялтқан еді – Қазақстан жаңалықтары

0

Аяулы анасынан айырылып, тауы шағылған әнші Қарақат Әбілдина марқұм анасын еске алып, сағынышын жеткізді. 

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды. 

«Жылда осы уақытта анашым жанымызда болушы еді. Қыстан аман шыққаннан кейін дәрігерге бір тексертіп алайық деп шақырып аламыз да, жібергіміз келмей қалатыню. Әр күнін әсемдеп, достарым құрмет көрсетіп, үйлеріне кезек-кезек шақырады,жақсы көретін әншілерінің концертіне апарамыз. Ауылын сағынып, ‘қайтамынға’ баспасын деп, бәріміз асты-үстіне түсеміз.Күніне екі рет жылы суға ваннаға салып балаша шомылдырып алушы едім. Моншалататынбыз. Сонда айтатыны ғой «туу қойшы,неге бас салып жуындыра бересің, бірдеме жабысып қалды дейсің бе? Әлде үстімнен ауылдың иісі кетпей қойды ма?», – деуші еді марқұм.
Бірде анашымды «Taispa»-ға ертіп бардым. Өз тілінде ғана сөйлейтін тайкалардың қызметін көріп аң-таң «құдай-ау, бұл әртістердің қартаймай, үнемі жылтырап жүретіні осы екен ғой, «біреуге денесін уқалатты деген не масқара» деп,массаж жасатпай қойғанына күлгенім бар. Ұят дегенді бірінші қойып, әр істе тектілігін көрсетуші еді. Әйел болып, қалтасын ақшаға толтырып, дүкен аралап киініп көрген жан емес. Тіршілігінде барлық керек-жарағын әкем әпергенге әбден үйренген. Әкемнің қайтқанына 15 жылдай уақыт өтті. Кейіннен қалтасында ақшасы болса да, сол әдетінен арыла алмай кетті. Киім таңдап, «мынау жақсы,мынау жаман» демей,әпергеніңді ғана киіп, балаша монтиып отырушы еді.

Әнші анасының өзін ұялтқан кезін еске алды. Анасының әйел болып ақша мен киімге қызықпағанын атады. 

«Дүкен аралағаннан рахат табатын әйел затымыз ғой, магазинге қанша ертіп апарғаныммен, бірде-бір рет зат қарап, дүниеге қызыққан жан емес. «Қайтесің, құлыным, 100 көйлегім бар, әпере бермеші»-деп, кірген дүкеннен орындық тауып алып отыра кететін. ’Мама-ау, отыруға келдік пе, керегіңізді,ұнағанын таңдамайсыз ба?,- дегенде басын шайқап қана қалатын. Бойындағы қарапайымдылық,қанағатшылдық қасиетіне әлі күнге шейін тәнтімін.Өзінен бұрын өзгені ойлап, жоққа бергісі келіп тұратын жаны жомарт,жан-жағына нұрын шашқан жақсым-ау.

«Кең болсаң, кем болмайсың, құлыным»-деп жиі айтушы ед.Анамның орнын енді ешкім толтыра алмас. Қалған өмірде естелік фотоларға қарап, мауқымды басып,дұға жасағаннан басқа амалым жоқ…
Ұлдарымның ішінде өзіне ұқсаған Имашогын ерекше көретін.Әрқайсысына пенсиясынан жырымдап ақша үлестіргенде: «Апа біздің богач, дейтін ұлдарым. Сөйткен әжелерінің келмеске кеткенін бұлар да енді түсінгендей. Еее, қайсы бірін айтайын», – деп жазды әнші.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз