Қарағандыда екі мұз айдыны ашылады

0
26 Қараша 2018, 20:52 153 0

Фото: hobiz.ru

Астана, BAQ.KZ. Қарағандылықтарды конькимен жаппай сырғанауға шақырады. Қазірдің өзінде қалада екі жабық мұз айдыны жұмыс істейді, ал желтоқсанның ортасында ашық аспан астындағы алаңдарда тағы екеуі ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Конькимен демалыс күндері «Ақжолтай» мұз айдынында сырғанауға болады. Сенбі сайын күндізгі сырғанау 14.30-дан 16.30-ға дейін жалғасады, кешкі сырғанау уақыты – 20.30-дан 22.30-ға дейін. Жексенбі күндері 16.00-ден 18.00-ге дейін және 20.00-ден 22.00-ге дейін. Екі сағаттың сырғанаудың құны ересектер үшін 1200 теңге, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге – 1000 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға – 700 теңге. Конькиді жалға алу – 500 теңге.

Осы жылы ашылған Doszhan Sport жаттығу мұз айдынында жаппай сырғанау жылжымалы кестемен өтеді. Анонстарды @hc.saryarka.fans инстаграм парақшасынан көруге болады. Мұнда конькиді жалға алу 800 теңгені құрайды, ал сырғанау ересектер үшін 1000 теңге, 12 жасқа дейінгі балалар үшін 700 теңге, 7 жасқа дейінгі балаларға – 500 теңге.

Желтоқсанның ортасында, ауа райы тұрақтанғанда «Шахтер» стадионы мен Орталық саябақтың көлінде де мұз айдындары ашылады.
Олардың құны желтоқсанның басында белгілі болады.

Орталық саябақта конькимен қоса, қармен жүретін көліктерді де жалға алуға болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ