Қарағандыда базарда жүк көлігі жарылды – видео

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

64 0 0

Қызыл жалын басқа екі жүк көлігіне шарпыған, бір адам зардап шекті

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда «Шығыс» базарында MAN маркалы жүк көлігінің жанармай багы жарылды.

«Өрт 25 желтоқсан күні сағат 13:18-де шықты. Оның салдарынан Volvo және Scania жүк көліктеріне жалын шарпып, аздаған зақым келді. Өрт сағат 13:32-де ауыздықталып, алты минуттан кейін сөндірілді», – деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Жалынды сөндіруге жеке құрамның 23 адамы мен Қарағанды облысы ТЖД бес техниксы жұмылдырылды.  

Өртенген фураның жүргізушісін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. 

Өрттің салдын ала себебі – жанармай багын қыздыру. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін, сондай-ақ автокөліктерді жылыту үшін ашық от көздерін қолдануға болмайтынын ескертеді.  


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз