Қарағандыда 5 миллион теңге қарыз алып кеткен келіншектің мәйіті табылды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жанар Бөлегенованы өлтірген қаскөй мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда бес күн бұрын із-түссіз жоғалған келіншектің мәйіті табылды.

38 жастағы Жанар Бөлегенованың денесі көше бойындағы темір жәшікте жатыпты. Жақындарының айтуынша, сол күні келіншекте өзімен бірге 5 миллион теңге болған, деп хабарлады КТК.

Туыстары келіншек аляқтардың арбауына түсті дейді. Өйткені ол бір қаржылық жүйеге ақша салып, аз уақыт ішінде пайызымен қайтарып алып тұрған. Бірнеше рет пайдаға кенелген соң, табысын арттырмақ болып, туған-туыстардан 5 миллион теңге қарызға алып тұрған. Алайда қомақты қаражатты апарып берген адамы оны буындырып өлтірген.

Мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастапты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Күдікті ұсталған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 36 жастағы күдікті ұсталды, ол кінәсін мойындады. Бүгінгі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша іс тіркелді, соның аясында оқиғаның мән-жайы анықталады», – деп атап өтті Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз